Қолданушы нұсқаулығыҚолданушы нұсқаулығы ИнЕУ ақпараттық ресурстарына қолжетімділік ИнЕУ ақпараттық ресурстарына қолжетімділік

Инновациялық Еуразия университетінің Ғылыми кітапханасы – бұл ғылыми-зерттеу және оқу үрдістеріне кітапхана-ақпараттық қолдау көрсететін, білім, мәдениет және рухани байланыстардың таралу орталығы болып табылатын құрылымдық бөлімше.

Ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасы университеттік кітапханалар қауымдастығының, «Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының» мүшесі болып табылады.

Университеттің ғылыми-білім беру процесін қамтамасыз ету үшін Ғылыми кітапхана келесі ұйымдармен өзара әрекет етеді:

  • Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана;
  • Республикалық университетаралық электронды кітапхана;
  • «Іскерлік ақпарат агенттігі»;
  • «Каз Пресс» ЖШС;
  • Қазақстан Республикасы университеттер қауымдастығының баспа орталығы;
  • Тілдерді дамыту басқармасы;
  • Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кітапханасы;
  • Павлодар медициналық колледжінің Ғылыми кітапханасы;

және республикалық және облыстық маңызы бар басқа да ұйымдармен.

Кітапханада кітапхана қорындағы кітаптардың, журнал мақалаларының, авторефераттардың, электрондық және ақпараттық ресурстардың библиографиялық сипаттамаларын қамтитын электрондық каталог жүргізіледі. Мәліметтер базалары қосылған: "РМЭБ", Thomson Reuters Web of Knowledge.

Сіздерге жемісті жұмыс тілейміз!

------------------------------------------

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға ұсынамыз, толықмәтінді материалдарға, электронды кітапханаларға сілтемелерге қолжетімділік және әдебиеттерді тапсырыс беру тек Инновациялық Еуразия университетінің студенттеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне, ИнЕУ Колледжіне, Екібастұз ИнЕУ колледжіне ғана ұсынылады.